Омбыда қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың 85-жылдық мерейтойын атап өтті

Омбыда қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың 85-жылдық мерейтойын атап өтті

2021 жылғы 19 мамырда А.С.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасында "Мөлдір" қазақ мәдениетінің Сібір орталығы" Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының қолдауымен қазақ ақыны, Қазақстанның Халық жазушы Олжас Сүлейменовтың 85 - жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.

Кітапхананың орталық залында атақты ақынның өлеңдері оқылып, оған арналған кітап көрмесі ашылды. Іс-шараға Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдықтың қызметкерлері, қазақ қоғамдық ұйымдарының өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Олжас Омарұлы Сүлейменов - қазақ ақыны, жазушы және әдебиеттанушы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері, дипломат, Қазақстанның Еңбек Ері, "Невада-Семей" ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыстың көшбасшысы.