Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы "Рухани мұра" өңірлік қоғамдық қорының жетекшісімен кездесті

Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы "Рухани мұра" өңірлік қоғамдық қорының жетекшісімен кездесті

2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек "Рухани мұра" ("Духовное наследие")  өңірлік қоғамдық қорының жетекшісі Леонид Полежаевпен ізеттілік кездесті.

Кездесу барысында COVID-19 пандемиясына байланысты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Леонид Константинович Полежаев - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Омбы облысының экс-губернаторы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері.