Екі айлық қазақстандық бала санитарлық ұшақпен Ресейден жеткізілді

Екі айлық қазақстандық бала санитарлық ұшақпен Ресейден жеткізілді

Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының жәрдемімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Рейсті ҚР Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктері ұйымдастырды.

Нәресте елордаға жеткізілгенге дейін мамандар оның диагнозын алдын-ала зерттеп, келген соң, бірден жедел емдеуді бастады.

Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты. Еліміздің медицина қызметкерлері емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады.