Меню

Страницы

Статья

«Қаңдас» мәртебесі

Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Қаңдас» мәртебесін алу

«Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру үшін оны Play market, Apple store дүкендерінен жүктеу, тіркелу, өтінішті нысан бойынша толтыру және келесі құжаттарды жүктеу қажет:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе басқа да ресми құжаттар);

3) қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

 

«Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы «Қандас» мәртебесін алуға өтініш беру қызметін түсіндіретін бейнеролик:

https://www.youtube.com/watch?v=rwt4Su7DUCk&ab_channel=Otandastarchannel

Мобильді қосымшаны жүктеп алу сілтемелері:

 

Өтінішті Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы арқылы беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады

1) нысан бойынша өтініш - 1 дана (жүктеу және толтыру)

2) өмірбаян (еркін нысанда) - 1 дана

3) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәлікшетелдік паспортазаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе басқа да ресми құжаттар) - 1 данадан

4) қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері - 1 данадан

Өтінішті қарау мерзімі - 35 жұмыс күні.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өтініш пен өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.

Қандас куәлігін қандас мәртебесін беру туралы оң шешімнің негізінде өтініш берушінің Қазақстанға (қоныстандыру өңіріне) келгеннен кейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган береді.

Қандас куәлігі 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.

Қазақстанға қоныс аудару, оның ішінде қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпаратпен «Отандастар» Қорының https://erulik.kz/ сайтында танысуға болады. 

Тегін

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, 09:30 - 12:30

Құжаттарды беру: 16:00 - 17:00

Консулдық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін: 

- телефон нөмірі арқылы: 8 (3812) 32-52-13, +7-968-100-73-03 (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін).

Электрондық пошта: omsk@mfa.kz

Дата публикации
21 ноября 2023
Дата обновления
21 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
Ақпарат
05 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
05 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары