НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)! Құжаттар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы өкілдігіне штаттардың бөлінуіне сәйкес ұсынылуы керек (қызмет орны).
Азаматтарды қабылдау алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: ТІРКЕЛУ
Құжаттар тізімі:
- Балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы;
- Балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы;
- Ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар, шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
- Баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеруі үшін);
- Баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
- Баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеруі үшін);
- Шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).
*Консулдық алым – тегін.
*Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күн.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда consulkzny@gmail.com поштасына жазуыңызды сұраймыз.