Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеу

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - алты ай.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Қызмет құны 150 АҚШ доллары (Money order түрінде). Төлем құжатының түпнұсқасын қызмет берушіге ұсыну қажет.

7.

Жұмыс кестесі

Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші мына СІЛТЕМЕмен алдын-ала жазылу арқылы сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш (жүктеп алуға арналған сілтеме);
2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;
5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
7) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
8) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

Дата публикации
09 апреля 2022
Дата обновления
09 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары