Қазақстан Республикасы азаматының (ескерту жасына қарамастан) басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы).
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚР азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін құжаттар шет елдердегі мекемелерге жеке тапсырылады. Алайда, дәлелді себептер туындаған жағдайда, өтініш берушілер құжаттардың толық тізімін "USPS" поштасы арқылы жібере алады. Бұл ретте келесіні назарға алуды сұраймыз:
- АҚШ-тағы ҚР шет елдердегі мекемелері АҚШ-тың пошта қызметтері үшін жауап бермейді;
- Шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе құжатының, оның ішінде натурализация сертификатының көшірмесін нотариалды куәландыру қажет (аударма және апостиль талап етілмейді);
- анықтама керек болған жағдайда, кері мекенжайы бар алдын ала төленген конвертті қамтамасыз ету қажет.
Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулдығының құзыретіне келесі штаттар кіреді:
Вашингтон қаласындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімінің құзыретіне келесі штаттар кіреді:
Сан-Францискодағы ҚР Бас консулдығының құзыретіне келесі штаттар кіреді: