Меню

Страницы

Статья

Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)! Құжаттар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы өкілдігіне штаттардың бөлінуіне сәйкес ұсынылуы керек (қызмет орны).

Азаматтарды қабылдау алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: ТІРКЕЛУ


Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

1. Өтiнiш-сауалнама;

2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елде жүрген азаматына паспорт дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

3. Алимент алушы отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда, шығатын адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шығатын адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не шығатын адамның шығып кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісі анықталғаны туралы соттың шешімін береді;

4. Өндіріп алушымен жасалған әрі сот бекіткен бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен арадағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;

5. Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының он жасқа толған баланың ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге шығу туралы шешiм қабылданған кездегі пiкiрiн есепке алу туралы қорытындысы (толығырақ);

6. Он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұруға ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге шығатын кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi болуы қажет. Келiсiм болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

8. Консулдық алым 140 АҚШ долл. мөлшерінде Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдқтың атына ресімделген ақша аударымы (Money Order) арқылы алынады (толығырақ).

* Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 3 (үш) ай. 

* Борышкерлердің және шығуы уақытша шектелген борышкер болып табылатын жеке тұлғалардың, заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларының бірыңғай тізілімінде берешектің бар-жоғын тексеруді ҰСЫНАМЫЗ. 

* Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Дата публикации
12 сентября 2020
Дата обновления
25 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары