ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеген азаматтар үшін:
- Өтініш.
- ҚР азаматының паспорты. Егер паспорт болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады;
- Шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.
ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдемеген азаматтар үшін:
- Хабарлама (қолмен толтыру қажет).
- Кәмелет жасқа толмаған бала үшін хабарлама (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған ата-анасы қолмен толтырады).
- ҚР азаматының паспорты.
- ҚР азаматының жеке куәлігі.
- ҚР азаматының паспорты және/немесе жеке куәлігі болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме немесе аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады (16 жасқа толмаған балаларда ҚР азаматының жеке куәлігі болмағаны үшін түсініктеме жазудың қажеті жоқ).
- Егер ҚР азаматы паспортына және/немесе ҚР азаматы жеке куәлігіне зақым келсе (жыртық, күйген, су тиген және т.б.) еркін нысанда түсініктеме.
- Шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.
Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:
Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):
- Аталған фактіні растайтын құжат (неке туралы куәлік, аты-жөні өзгергені туралы өтінішхат, өзгергені туралы сот шешімі).
Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
- Кәмелет жасқа толмаған баласының ҚР азаматтығын жоғалтуға нотариалды расталған екінші ата-анасының (ҚР азаматы болған жағдайда) келісімі.
Егер Сізге ҚР азаматтығынан айрылу туралы анықтама қажет болса:
ЕСКЕРТПЕ:
- Шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті.
- Шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе құжатының, оның ішінде натурализация сертификатының көшірмесін нотариалды куәландыру қажет (аударма және апостиль талап етілмейді).
- ҚР азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін құжаттар шет елдердегі мекемелерге жеке тапсырылады. Алайда, дәлелді себептер туындаған жағдайда, өтініш берушілер құжаттардың толық тізімін "USPS" поштасы арқылы жібере алады. Бұл ретте келесіні назарға алуды сұраймыз:
- АҚШ-тағы ҚР шет елдердегі мекемелері АҚШ-тың пошта қызметтері үшін жауап бермейді;
- Анықтама керек болған жағдайда, кері мекенжайы бар алдын ала төленген конвертті қамтамасыз ету қажет.