Меню

Страницы

Статья

ҚР азаматының паспортын ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

  • Өтініш.
  • Формуляр.
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде).
  • Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған және апостиль қойылған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
  • Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама.
  • Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме).

АҚШ-та тұрақты тұратын адамдар үшін:

- АҚШ-тың тұрақты резиденті картасының (Green card) апостильденген көшірмесі;

- АҚШ-тың тұрақты резиденті картасының (Green card) нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тіліне);

- "АҚШ-қа тұрақты тұруға кетуге рұқсат етілген" паспортындағы белгінің көшірмесі және / немесе ҚР ІІМ Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы берген анықтама, кету парағының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет);

АҚШ аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатын адамдар үшін:

- өтініш берушінің күндізгі оқу нысанының фактісін растайтын I-20 формасының апостильденген көшірмесі;

- I-20 формасының нотариалды куәландырылған аудармасы (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет);

* Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізді тексеруді сұраймыз.

 АҚШ-та еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

-жұмысқа рұқсаттың (Employment authorization Document) немесе жұмыс визасының апостильденген көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде);

-еңбек шартының апостильденген көшірмесі және еңбек шартының нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде).

*Жұмыс туралы ұсыныс, жұмысқа орналасу туралы хат, жалақыны растау, жұмыспен қамтуды растау жұмысқа орналасуды растау ретінде қабылданбайды.

* Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізді тексеруді сұраймыз.

АҚШ-та тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері үшін:

- неке туралы куәліктің апостиль қойылған көшірмесі;

- неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған аудармасы (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет);

- Өтініш берушінің тегі өзгерген жағдайда, тегін жұбайының (зайыбының) тегіне ауыстыру фактісін растайтын құжатты, оның ішінде Petition for name change, немесе неке туралы куәлікте тиісті жазбаның болуы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

- "АҚШ-қа тұрақты тұруға кетуге рұқсат етілген" паспортындағы белгінің көшірмесі және / немесе ҚР ІІМ Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы берген анықтама, кету парағының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет).

* Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізді тексеруді сұраймыз.

Кәмелетке толмаған адамдар үшін, олар АҚШ-та туылған жағдайда және олармен бірге тұратын аталған адамдардың отбасы мүшелеріне жоғарыда аталған құжаттарға қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- АҚШ-тың туу туралы куәлігінің апостиль қойылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер қолданылса);

- қазақстандық туу туралы куәліктің, неке туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер қолданылса).

Жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар (қарттар) және дене функциялары тұрақты бұзылған, олардың тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған адамдар, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз жақын туыстарына күтім жасайтын адамдар, сондай-ақ АҚШ аумағындағы пенитенциарлық мекемелерде ұсталғандар немесе қамауда ұсталғандар үшін:

- құжаттың осы мәртебесін растайтын апостиль қойылған көшірме және нотариалды куәландырылған аударма (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).

* Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізді тексеруді сұраймыз.

  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 100 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Мекен-жайы: 535 5th Avenue, 20th Floor, New York 10017

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1-646-370-6331 және / немесе электрондық пошта: consul.newyork@mfa.kz

Дата публикации
22 марта 2025
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары