Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық серіктестік

Экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың ең тартымды секторлары:  қаржы секторы, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, көлік, фармацевтика, IT және басқалары болады.

Қазақстан Республикасында американдық капиталдың қатысуымен 650-ге жуық компания қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына ірі американдық компаниялардың (Chevron, ExxonMobil, GE, JP Morgan Chase, Citibank және т.б.) белсенді қатысуы екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін болып табылады.

АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан - Америка іскерлік кеңесі экономикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі тетік болып табылады. 2022 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелі жұмысына  Мемлекет басшысы   қатысты. 

 2023 жылы АҚШ Сауда палатасымен бірлесіп 20 американдық компаниядан тұратын, құрамына  Apple, Google, Microsoft, Pfizer, EPAM, Boeing және т.б. кіретін,  АҚШ Сауда миссиясының Қазақстан Республикасына сапары ұйымдастырылды. 2024 жылғы 7-10 қазанында АҚШ-тың Қазақстанда Сауда миссиясы  өтті.        

С5+1 Саммитінің Нью-Йорк декларациясының экономикалық бағыттағы  2023 жылғы бастамаларының бірі - B5+1 (Орталық Азия елдері мен АҚШ бизнес қауымдастығы) бизнес-платформасын іске қосу болды. Қазақстан Республикасының бастамасын қолға алу мақсатында АҚШ Сауда палатасы жанындағы Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығымен (Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы) бірлесіп 2024  жылғы 13-15 наурызында Алматыда бірінші B5+1 форумы ұйымдастырылды. 

  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Э.Блинкеннің 2023 жылғы Қазақстанға сапары барысында Қазақстан Республикасы Инновациялық даму министрлігінің Геология комитеті мен АҚШ Геологиялық қызметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықтың институционалдық негіздерін белгілейді.  

2022 ж. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасында стратегиялық серіктестік үлгісі бойынша  жүзеге асырылатын  халықаралық білім беру жобасы бастама алды.      

Стратегиялық энергетикалық диалог (СЭД) аясында төрт бағыт бойынша - көмірсутегі ресурстары, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және электр энергетикасы -  бірлескен жұмыс жүргізілуде. Қазақстандық делегациялар Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы іс-шараларына тұрақты түрде қатысады.

Қазақстан Республикасын Джексон-Вэник түзетуінен шығару және тұрақты қалыпты сауда қатынастарын (PNTR) орнату, сондай-ақ Қазақстан Республикасын Жалпы преференциялар жүйесі (GSP) бағдарламасы қайта жұмыс істеген жағдайда,  бенефициарлар тізіміне қосу бойынша Конгрес, АҚШ Үкіметімен тұрақты жұмыс жүргізілуде.

ҚР нарығына шығатын америкалық компанияларына қолдау  көрсету мақсатында  АҚШ Сауда министрлігімен, сонымен қатар Орталық Азиядағы сауда және инвестициялық негіздемелік келісімнің (TIFA) және Кеңейтілген стратегиялық серіктестік диалогының (ESPD) жыл сайынғы кездесулері аясында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

2024 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, АҚШ-тағы Елшілігі және Бас консулдығы ұйымдастыруымен, Citigroup, Mastercard, Visa, Solidcore Resources және АҚШ Сауда палатасымен серіктестікте Нью-Йорк қаласында Kazakhstan Finance Day» форумы өтті.

Әлемнің басты қаржы орталықтарының бірінде мұндай бірінші Форумды өткізу экономикалық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанға экономикалық тартымды инвестициялық бағыт ретінде жаңа инвестициялар тартуға бағытталған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары