GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Екіжақты ынтымақтастық
Елшілік туралы
Консулдық мәселелер
Все материалы
15 октября 2026
Қазақстан мен Кения екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Найробидегі кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кенияның мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және іскер топтарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Кенияның Сыртқы және диаспораістер министрлігінің Саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі бас директоры Джосфат Майкара, Найроби халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры Дэниел Маинда, Кенияның Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің атқарушы директоры Джон Мвендва, Кенияның Сыртқы және диаспораістер министрлігінің Құқық департаментінің директоры Мартин Овуор, Кенияның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Темеси Мукани және Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мустафа Рамадан қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылап, 2026 жылғы 19–20 мамырда Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударды.

Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту мен тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу сындарлы әрі достық ахуалда өтіп, тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады.

15 октября 2026
Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастық жөніндегі ұстанымы Найробидегі 2026 Африкалық сауда-өнеркәсіп саммиті алаңында таныстырылды

Найроби, 2026 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Найробидегі кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов «Африкадағы сауданың жаңа кезеңін ілгерілету» (Driving Africa’s Next Era of Trade) ұранымен өткен Africa Commerce and Industry Summit 2026 (ACIS 2026) алаңында сөз сөйледі.

Саммитте Кенияның инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Ли Кинянжуи; ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрі Уильям Кабого Гитау, Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының (KNCCI) Президенті Эрик Руто және басқа да қатысушылар сөз сөйледі.

Кенияның инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Ли Кинянджуи өз сөзінде сауда-өнеркәсіп палаталарының бизнестің Африка және басқа өңірлер нарықтарына шығу мүмкіндіктерін кеңейтудегі, сауда кедергілерін жоюдағы және Африка құрлықтық еркін сауда аймағының әлеуетін іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Кенияның ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрі Уильям Кабого Гитау цифрлық инфрақұрылым мен инновациялық технологияларды дамыту шағын және орта бизнес үшін нақты коммерциялық мүмкіндіктер ашуға, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге және африкалық компаниялардың өңірлік нарықтарға шығуына ықпал етуге тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының (KNCCI) Президенті Эрик Руто ACIS 2026 саммиті коммерциялық талқылаулардан нақты мәмілелерге көшуге, Африка ішіндегі сауданы кеңейтуге және инвестициялар тартуға жәрдемдесуге бағытталғанын айтты.

Елші өз сөзінде Қазақстанның экономиканы дамыту, транзиттік-көліктік әлеуетті арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ілгерілету салаларындағы жетістіктерін атап өтіп, Қазақстан мен Африка арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың зор әлеуетіне назар аударды. Сондай-ақ сауда, инвестициялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және цифрландыру салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан-Кения әріптестігін нығайтуға және Кения Президенті Уильям Рутоның 2026 жылғы мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Елші Африка елдерінің іскер топтарын Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Анықтама: ACIS 2026 саммитін KNCCI ұйымдастырды. Оған әлемнің 50-ден астам елінен 5 000-нан астам қатысушылар жиналды. Саммит африкалық мемлекеттер арасындағы өңірлік және халықаралық сауданы кеңейтуге, инвестициялар тартуға, өнеркәсіпті дамытуға және экономикалық интеграцияны нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған.

09 октября 2026
Қазақстан мен Руанда екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады

Найроби, 2026 жылғы 8 қазан – Руанда Республикасында қоса атқаратын Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Руанда Республикасының мемлекеттік Сыртқы істер министрі доктор Уста Кайтесимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Руанда арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту және сауда мен инвестициялар, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.

Қазақстан тарапы Руанда Президенті Поль Кагаменің 2025 жылғы 27-29 мамырда Астанаға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты Іскерлік кеңестің қызметіне, сирек жер металдары кен орындарын игеру саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ көлік және логистика мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құруға ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси консультациялардың кезекті раундын өткізу, Руанданың Қазақстанда өкілдігін ашу және Қазақстан Республикасының Руандадағы Құрметті консулын тағайындау мүмкіндіктерін талқылаумен қатар достық топтарын құру арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру перспективаларын да қарастырды.

Көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылға, халықаралық органдарға кандидатураларды өзара қолдауға және Қазақстанның БҰҰ-ның аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.

Осы кездесу Қазақстан мен Руанданың екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға және өзекті өңірлік әрі халықаралық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

09 октября 2026
Қазақстан Африка елдерін Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастамаға қосылуға шақырды

Найроби, 2026 жылғы 6 қазан – Әлемнің түрлі өңірлерінде, соның ішінде Африка құрлығында жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар аясында халықаралық гуманитарлық құқық (ХГҚ) нормаларын сақтауды нығайту мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Найробиде Халықаралық Қызыл Крест Комитеті ұйымдастырған «Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ұлттық комитеттер және одан тыс: Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманы және оның ұсынымдарын іске асыру» тақырыбында Шығыс Африка елдерінің өкілдерінің қатысуымен өңірлік семинар өтті.

Іс-шара барысында 2024 жылы Қазақстанды қоса алғанда, алты мемлекет-құрылтайшының Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп іске қосқан ХГҚ-ға саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастама талқыланды. Аталмыш бастама аясындағы жұмыстың маңызды кезеңі әрі қорытынды шарықтау шегі болатын, 2026 жылғы желтоқсанда Иорданияда «Humanity in War» атты жоғары деңгейдегі конференция өтеді.

Семинарда сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов ХГҚ ережелерін, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтаудың, дауларды бейбіт жолмен реттеудің, превентивтік дипломатияны дамытудың және сенім шараларын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Елші Қазақстанның ХГҚ-ға саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастамаға адалдығын растады және Африка мемлекеттерін оған қосылып, халықаралық гуманитарлық-құқықтық жүйені одан әрі нығайтуға үлес қосуға шақырды.

Анықтама: Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті нығайту жөніндегі Жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстан, Бразилия, Қытай, Франция, Иордания және Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлескен бастамасы бойынша іске қосылды. Бүгінгі таңда Бастамаға әлемнің барлық құрлықтарынан 120 мемлекет қосылды, бұл халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеу мен сақтауды нығайтуға деген кең халықаралық қызығушылықты растайды.

05 октября 2026
Қазақстан–Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері Кения Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Найроби, 2026 жылғы 5 қазан. Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ-ның кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істер министрлігінің Саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі Бас директоры Джосфат Майкарамен және Протокол қызметі басшысының орынбасары Самсон Коэчпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан–Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде Кения Республикасының Президенті У. Рутoның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру мәселелерін талқылады.

Тараптар жоғары деңгейдегі сапарларға дайындыққа, оның ішінде ұйымдастырушылық және протоколдық мәселелерге, сапар бағдарламаларына, сондай-ақ жоспарланған ресми іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударды.

Тараптар сапарды табысты дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Қазақстан мен Кения арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.

25 сентября 2026
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесу өткізді

Найроби, 2026 жылғы 25 қыркүйек. 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының (KNCCI) Президенті д-р Эрик К. Руто, Ұлттық директоры және Экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі төрағасы Синтия Ньявира, сондай-ақ Азия өңірінің KNCCI төрағасы және өкілі Джоэл Черуйиот Суммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытудың перспективалары жөнінде пікір алмасу болды. Екі елдің іскер топтары өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге, екіжақты B2B кездесулерін ұйымдастыруға және өзара тиімді бизнес-жобаларды дамытуға жәрдемдесуге ерекше назар аударылды.

Тараптар өзара бизнес мүдделері мен ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, сауда, инвестициялар, көлік және логистика, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да салаларды талқылады.

Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі мен KNCCI арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде қазақстандық және кениялық компаниялар арасында байланыстар орнатуға жәрдемдесуге, нақты жобаларды ілгерілетуге және Кениядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы институтын дамытуға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды жандандыруға және Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

25 сентября 2026
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның сыртқы саяси ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді

Найроби, 2026 жылғы 24 қыркүйек. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Еуропа және Достастық мәселелері жөніндегі дирекциясы Бас директорының орынбасары, Елші Табу Ирина MBS, сондай-ақ Экономикалық және коммерциялық дипломатия мәселелері жөніндегі директорының орынбасары Элизабет Мигудамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Кения Президенті Уильям Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырдағы Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі практикалық қадамдарды талқылады.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, оның ішінде шай және кофе саудасы, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, авиация, қаржы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ғарыш салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайту және басым бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан дамыту мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

17 сентября 2026
Найробиде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

2026 жылғы 17 қыркүйекте Найроби қаласында Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықовтың Кенияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрлігінің Сауда мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары (Бас хатшысы) Регина Акот Омбаммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ағымдағы жылғы 19–20 мамырда Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру жөніндегі практикалық шаралар талқыланды. Сапар аясында сауда, инвестициялар, көлік, қаржы және басқа да салаларды қамтитын 10 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайтудың, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтудің, көлік-логистикалық байланыстарды дамытудың және нақты бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Кения шайы мен кофесіне арналған Орталық Азиядағы дистрибуциялық хабты Қазақстанда құруға, инвестициялық ынтымақтастықты, оның ішінде минералды тыңайтқыштар мен күнбағыс майын өндіру салаларындағы жобаларды дамытуға, сондай-ақ Кения гүлдерінің жеткізілімдерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Момбаса портын және Найробидегі ішкі контейнерлік терминалды тиімді пайдалану, теміржол және әуе жүк тасымалдарын дамыту, сондай-ақ екі ел арасында тиімді мультимодальды логистикалық тізбекті қалыптастыру мәселелері жеке қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Кения тарапы Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтіп, бірлескен бастамаларды практикалық іске асыруға және екіжақты сауда байланыстарын нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Тараптар белгіленген бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға және нақты кейінгі қадамдарды әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыруға уағдаласты.

14 сентября 2026
Найробиде стратегиялық жоспарлау және экономикалық реформалар мәселелері бойынша кездесу өтті

Найроби, 2026 жылғы 10 қыркүйек. Найробиде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары Әділ Миратұлы Құсмановтың Кения Республикасының Ұлттық қазынашылық министрлігінің Экономикалық жоспарлау жөніндегі мемлекеттік департаментінің Бас хатшысы доктор Бонифейс Макокхамен кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барыбай Садықов та қатысты.

Кездесу барысында тараптар стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылап, осы бағыттардағы Қазақстан мен Кенияның тәжірибелерімен алмасты.

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау тәсілдеріне, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында экономикалық дамудың өзекті мәселелері және құрылымдық реформаларды іске асырудың мемлекеттік тетіктері жөнінде пікір алмасу өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттарда өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және стратегиялық жоспарлау, экономикалық даму және мемлекеттік реформалар салаларындағы Қазақстан-Кения ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екендерін растады.

14 сентября 2026
Қазақстанның экожүйелерді қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қызметі ЮНЕП отырысы аясында таныстырылды

Найроби, 2026 жылғы 9 қыркүйек. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жанындағы Тұрақты өкілдер комитеті кіші комитетінің 13-ші жыл сайынғы отырысы аясында Найроби қаласында экожүйелерді, жер және су ресурстарын қалпына келтіру мәселелеріне арналған тақырыптық іс-шара (Side Event) өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы БҰҰ-ның Бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов, сондай-ақ Altyn Dala Conservation Initiative өкілдері Вера Воронова мен Марина Кошкина (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) қатысты.

Өз сөзінде Елші Қазақстанның Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жөніндегі тәжірибесін таныстырып, халықаралық ынтымақтастықтың, су ресурстарын ұтымды басқарудың және заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығына тоқталды. Кешенді шараларды іске асыру нәтижесінде Солтүстік Аралдың су көлемін ұлғайтуға және өңірдегі балық шаруашылығы мен экожүйелерді қалпына келтіруге жағдай жасалғаны атап өтілді.

Altyn Dala Conservation Initiative өкілдері Қазақстанның дала экожүйелерін қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Бастама аясында табиғи аумақтарды қорғау және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің, оның ішінде ақбөкен мен Пржевальский жылқысы популяцияларын қалпына келтіру бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда.

Іс-шараға қатысушылар жаһандық экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық әріптестіктің, ғылыми негізделген шешімдердің және экожүйелерді кешенді қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экожүйелерді қалпына келтіру, биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты даму салаларында практикалық шешімдерді ілгерілету мақсатында ЮНЕП-пен, БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен және халықаралық әріптестермен сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға дайын екенін растады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары