Қазақстан мен Оман өзара ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Оман өзара ынтымақтастықты дамытуға ниетті

2024 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Елшісі А.Тұматов Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры Ахмад әл-Масқаримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықтың серпінді және үдемелі дамуы аталып өтті.

Қос тарап екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге өзара ұмтылысын білдіріп, жоғары деңгейдегі байланыстарды дамыту қажеттілігін атап өтті.