Оманның Сыртқы істер министрімен Қазақстан-Оман қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Оманның Сыртқы істер министрімен Қазақстан-Оман  қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

2024 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов Оманның Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидимен кездесті.

Бадр әл-Бусаиди Қазақстан Елшісін тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және жандандыру жолында табыс тіледі.

Кездесу барысында тараптар екі елдің ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру, сондай-ақ көлік-логистикалық бағыттарды дамыту жолдарын қарастырды.

Тараптар мемлекеттердің түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және жандандыруға деген мүдделілігі нақты нәтижелерге бағытталған байыпты қадамдар жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесудің соңында Қазақстан Елшісі Бадр әл-Бусаидиге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.