Оман Астанада өтетін «V Дүниежізілік көшпенділер ойындарына» қатысады.

Оман Астанада өтетін «V Дүниежізілік көшпенділер ойындарына» қатысады.

Ат спорты саласындағы кең ауқымды іс-шараларды өткізу жөніндегі омандық тәжірибе, ипподромдардың жұмысын ұйымдастыру мен оларды техникалық жабдықтауымен танысу мақсатында 2024 жылғы 29 ақпанда Астана қаласының Мәслихат төрағасы Е.Каналимов бастаған делегацияның Оман Сұлтандығына сапары өтті.

Делегация Масқат қаласының Орталық ипподромымен танысып, Оман Сұлтандығы Ат спорты федерациясының төрағасы Мунзер бин Сейф Әл-Бусаидимен көздесті. Тараптар ат спортына қатысты іс-шараларын ұйымдастыру тәжірибелері туралы пікір алмасып, келешекте ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Басқосудың нәтижесінде екі ел Ат спорты федерацияларының арасында ынтымақтастық орнату мен сапарлармен өзара алмасу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Оман Сұлтандығының Ат спорты федерациясы 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында жоспарланған «V Дүниежізілік көшпенділер ойындарына» қатысатын болды.