Масқатта Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел өтті

Масқатта Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай  дөңгелек үстел өтті

2023 жылғы 18-желтоқсанда Оман Сұлтандығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға омандық сарапшылар және академиялық топтар мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың экономикалық, саяси реформалары жөнінде, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихы туралы, сондай-ақ 32 жыл ішіндегі еліміздің шешуші кезеңдері мен оқиғалары туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстанның бейтараптық, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау саясаты, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, көлік-логистикалық саланы дамыту жөніндегі күш-жігері дөңгелек үстелге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Іс-шараның қорытындысында іс-шараға қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.