
2023 жылғы 28-30 қараша аралығында Оман Сұлтандығына Қазақстан делегациясының сапары өтті. Делегация құрамында ҚР Энергетика, Әділет, Сыртқы істер министрліктерінің және «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК өкілдері болды.
Сапар аясында ҚР Энергетика вице-министрі А.Жамауов Оман Қаржы министрі Сұлтан бен Салем әл-Хабсимен және «Oman Investment Authority» өкілдерімен кездесті.
Тараптар Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысын өткізу, инвестиция және энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.