
Республика күнін атап өтуге арналған іс-шаралар шеңберінде Масқат қаласында «Қазақстанның туристік әлеуеті» тақырыбында конференция өтті.
Аталған іс-шараға Оманның Туризм министрлігі, Алматы қаласы Туризм басқармасының және омандық «Salam Air» әуекомпаниясының өкілдері, екі елдің жетекші туроператорлары, сондай-ақ жергілікті журналистер қатысты.
Іс-шара Қазақстан мен Оманның екіжақты қарым-қатынастарының даму динамикасына, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы туристік саладағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға жаңа серпін беретін болады деп күтілуде.
Шарада сөз сөйлеген «Salam Air» компаниясының өкілі 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ашылған Масқат-Алматы әуеқатынасы Алматы қаласын Оман азаматтары үшін жаңа туристік бағытқа айналдыруға мүмкіндік бергенін жеткізді.