Қазақстан омандық БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесуін жалғастыруда

Қазақстан омандық БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесуін жалғастыруда

2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы омандық «Alroya Press & Publishing House» телеарна және радиосының редакторы Ибрахим әл-Хадиге сұхбат берді.

Сұхбат кезінде омандық тарапқа 2023 жылғы 1 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы туралы толыққанды ақпарат берілді. Аталған жолдау мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды оқиға екеніне атап өтілді.

Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі мемлекеттің әлеуметтік стандарттар мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған саяси модернизация мен экономикалық реформалар жолында сенімді қадамдар жасап келе жатқанына баса назар аударды.

Ибрахим әл-Хади Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, алдағы өзгерістер Қазақстанды жаңа даму жолына жетелейтініне сенім білдірді.