
eQonaq ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Алматыға бірқатар елдерден 199 мыңнан астам туристер келген.
Алматы қаласының әкімдігі соңғы кездері Таяу Шығыстан туристер ағыны байқалғанын атап өтті. Бұл үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап Оманнан Алматыға тікелей әуе қатынасының ашылуына байланысты.
«Алматы қаласы Таяу Шығыстан келген бизнес-туристер мен қарапайым саяхатшылар арасында өте танымал бола бастады. Біз Оманнан келген қонақтардың сапарлары жағымды әрі есте қаларлық болатынына сенімдіміз», – деді Қалалық туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
Алматы-Масқат бағыты бойынша жаңа әуе рейсінің басты мақсаты – Қазақстан мен Оманның туристік әлеуетін дамыту, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланысты нығайту болып табылады.