
Коронавирустың таралуына байланысты Оманда уақытша тұратын Қазақстан азаматтары үшін Елшілікте тәуліктік жедел қоңырау желісі ашылды: ұялы телефон +968-9580-94-54 (Тастыбаев Данияр).
ҚР Сыртқы істер министрлігінің жедел қоңырау желісі: Қазақстан азаматтары жұмыс уақытында +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93 және жұмыстан тыс уақытта +7 (7172) 72-01-11 телефонымен хабарласа алады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде (ДСМ) Call-centre 1406 (Қазақстан аумағынан қоңырау шалу) және +7 (7172) 76-43-80 (Қазақстан аумағынан және шет елдерден қоңырау шалу) ашылды.
ҚР ДСМ коронавирустың алдын алу және таралуын болдырмау үшін келесі алдын алу шараларын күнделікті түрде жүзеге асыруға шақырады:
- дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
- үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
- күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
- қолды сабынмен жиі жуу;
- жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;