Масқатта қазақстандықтың «Monobrow» атты жеке көрмесі өтуде.

Масқатта қазақстандықтың «Monobrow» атты жеке көрмесі өтуде.

2022 жылғы 19 қарашада Масқат қаласындағы «Matti Sirvio» көркемсурет галереясында қазақстандық суретші Гүзел Закирдің «Monobrow» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы және Оман Сұлтандығында аккредиттелген басқа да дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысты.

«Monobrow» көрмесінде Гузель Закирдің 15-тен астам жұмысы ұсынылған, көрме 2022 жылғы 19 желтоқсанға дейін жалғасады.