Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Казақстан-Оман ынтымақтастығы талқыланды

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі  Казақстан-Оман ынтымақтастығы талқыланды

2022 жылғы 31 қазанда Қазақстан Елшісі Н.Мұхаметәліұлы Оман Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Әли әл-Наджармен кездесті.

Кездесуде Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ИЫҰ-15 Диалог алаңы, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру сияқты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастығы талқыланды.