
2022 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы ү.ж. 14-15 қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысқан Оман мүфтиятының Бас хатшысы Ахмед бен Сауд әс-Сиябимен кездесті.
Кездесуде тараптар Съездің қорытындыларын, оның әлемдегі дінаралық ахуалға ықпалын, сондай-ақ конфессияаралық диалогты ілгерілетудегі Қазақстанның рөлі мен үлесін талқылады.
Оман тарапы Съезге шақырылғаны және оны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін қазақ тарапына алғыс білдірді.