Оман Сұлтандығында Наурыз тойланды

Оман Сұлтандығында Наурыз тойланды

2022 жылғы 19-наурызда Масқат қаласында қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтті. Омандағы 5-ші Халықаралық азық-түлік жәрмеңкесі шеңберінде Қазақстан Елшілігі Наурыз мейрамын тойлады.

Іс-шара аясында шетелдіктердің ерекше көңілінен шыққан қазақи тағамдардан ұлттық дастархан жайылып, домбырамен қазақтың күйлері шырқалды.

Наурыз мейрамын тойлауға Оман Сұлтандығында тұратын отандастар мен шетелдіктер белсенді қатысты.