
2022 жылғы 17-наурызда Масқат қаласында ҚР-ның Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы қазақстандық студенттермен кездесу өткізіп, оларға ү.ж. 16-наурызда Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында болған ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін түсіндірді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тарихи саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бағытталған реформалары «Жаңа Қазақстанды» құруда өте маңызды орынға ие екені айтылды.
Кездесуге келген қазақстандық студенттер Низуа қаласында Сұлтан Қабус колледжінде араб тілін оқу курстарында білім алуда.