
2022 жылғы 13-қаңтарда Елші Н.Мұхаметәліұлы Масқат қаласының Губернаторы – Үкімет мүшесі Сауд бен Хилали әл-Бусаидимен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау аясында Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету қарастырылды. Тараптар бұл мәселе екі ел арасында туризм саласындағы қарым-қатынастарды ғана дамытып қоймай, жалпы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен әрекеттестікті одан әрі нығайтуға жол ашатынын құптады.
Сондай-ақ, кездесуде Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың қолға алған батыл әрі ашық саясатының арқасында елдегі жағдай тез арада тұрақталып, қазақстандықтардың күнделікті өмірі қалыпқа келгені баса айтылды.