Оманда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Оманда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Масқат, 2021 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Масқат қаласында «Қазақстанның туристік әлеуеті» тақырыбында конференция өткізілді.

Аталған іс-шараға Оманның Туризм министрлігі, Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері, Оманның «Salam Air» әуекомпаниясының басшылығы мен 20-дан астам жетекші туроператорлары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы екіжақты қарым-қатынастардың дамуының оң динамикасын атап өтіп, аталған іс-шара Қазақстан мен Оманның туристік өзара іс-қимылын жандандыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«Salam Air» компаниясының бас директоры Мұхаммед Ахмед өз сөзінде әуекомпанияның 2022 жылы Масқат-Алматы бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделілігін атап өтті.

Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында фотокөрме ұйымдастырылды, онда еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы фото және бейнематериалдар ұсынылды.