Масқат қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті

Масқат қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті

Масқат, 2021 жылғы 13 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға омандық сарапшылар және академиялық топтар мен БАҚ өкілдері, оның ішінде «Salam Air» әуекомпаниясының Бас директоры Мұхаммед Ахмед, «AsdaaOman» газетаның Бас редакторы Әли Халфан әл-Хасани және басқалар қатысты.

ҚР Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихына тоқталып, қатысушыларды 30 жыл ішіндегі еліміздің шешуші кезеңдері мен оқиғалармен таныстырды. Осы ретте омандықтарды Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы мен ядролық қарусыздану, оны таратпау жөніндегі байыпты саясаты қызықтырды.

Сондай-ақ, Дөңгелек үстелде тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жетістіктері мен елдің дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі талқыланып, омандық сарапшылар айтылған жағымды тезистерді құптады. Атап айтқанда, «AsdaaOman» газетаның Бас редакторы Әли Халфан әл-Хасани «тәуелсіздік жолының басындағы қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстан бұл өтпелі кезеңді еңсеріп, аймақтың көшбасшысына айналды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Әли әл-Хасани бүгінде Қазақстан халықаралық сахнада беделді мемлекетке айналуына әсер еткен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихы рөлін және бүл саясатты әрі қарай салиқалы түрде әрі дәйекті реформалармен жүргізіп келе жатқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөліне тоқталды.

Іс-шараға қатысушылардың құрметіне Елшіліктің атынан түскі ас берілді.