2021 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің ғимаратында «Әлем балалар көзімен» атты көрме ашылды.
Аталған ісшара «Аялаған Алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры өткізетін көрмелер қатарының аясында ұйымдастырылып, онда Батыс Қазақстан облысының есту, сөйлеу және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп түлектерінің суреттері көрсетіледі.
Көрме шеңберінде мәдени алмасудың маңыздылығы мен оның Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықта ойнайтын рөлі айтылып, екі елдің жоғары мәдениеттілігіне назар аударылды, сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығы туралы, еліміздің жетістіктері мен мәдениет саласын дамытудың бағыттарына назар аударылды.
«Әлем балалар көзімен» көрмесі 2021 жылғы 21-24 маусым аралығында өткізу, оның жұмыс уақыты 10.00 – 15.00 деп белгіленді.