Қазақстан мен Оманның дипломатиялық қатынастарына 29 жыл

Қазақстан мен Оманның дипломатиялық қатынастарына 29 жыл

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 29 жыл толып отыр.

Дипломатиялық қатынастар екі ел арасында 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды. Сол уақыттан бері екіжақты ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін тек оң бағытта дамып келе жатыр. Нұр-Сұлтан мен Масқат көптеген халықаралық ұйымдар мен көпжақты құрылымдар шеңберінде белсенді өзара әрекеттесуде.

Серіктестігімізді одан әрі табысты түрде нығайта беретінімізге, достас Қазақстан мен Оманның мүдделеріне сәйкес келетін бейбітсүйгіш саясатты әлемде тиімді жалғастыратынымызға сенім білдіреміз.

Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымызға бейбітшілік пен өркендеу тілейміз.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі