Оман Ауыл шаруашылығы министрі С.әл-Хабсимен болған кездесу

Оман Ауыл шаруашылығы министрі С.әл-Хабсимен болған кездесу

Қазақстан Елшісі Н.Мұхаметәліұлы Оман Ауыл шаруашылығы, балық аулау және су ресурстары министрі Сауд әл-Хабсимен кездесті. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту жолдары және Оман мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.