Қазақстанның Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нәжмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтаны Хейсам бен Тариқ сенім грамоталарын тапсырды.

Сенім грамоталарын табыстау салтанаты кезінде қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Осы ретте, екі ел арасындағы экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында екіжақты Үкіметаралық комиссияны құрудың маңыздылығы айтылды.

Өз кезегінде, Сұлтан Хейсам бен Тариқ Оман Қазақстанды сенімді әрі маңызды әріптес ретінде қарастырып, екіжақты қарым-қатынастарды әрі қарай тереңдетуге әзірлігін жеткізді.

Кездесу соңында, Оман Сұлтаны Қазақстанның Елшісіне сәттілік тілеп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.