Меню

Страницы

Статья

«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-мен серіктестікте Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 7-ші байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың әділқазы алқасы 2014 жылдан бастапөз жұмыстарында еліміздің түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті түрде жарияланған шетелдік авторларды іріктеп келеді.Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған жұмыстары да қатыса алады.

Түрлі тақырыптағы жұмыстар бойынша номинациялары бар негізгі конкурстан басқа, биыл «Kazakh Tourism» атынан бөлек номинация ұсынылды, онда туризм тақырыбындағы жұмыс үшін бір жеңімпаз іріктеледі.

Байқауға қатысуға 2021 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылғы                    15 шілдеге дейін Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Бас редакторлар клубының» басшысы Бібігүл Жексенбай және «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:

-   Оңтүстік және Солтүстік Америка;

  • Еуропа;
  • ТМД;
  • Таяу Шығыс және Африка;
  • Азия-Тынық мұхит аймағы

және туризм тақырыбы бойынша номинацияның бір лауреаты іріктеледі.

Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.

Байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулері ұйымдастырылатын болады.

Барлық жұмыстар 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей mediacontest@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2022 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарлануда.

Сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін mediacontest@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
08 июня 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
23 мая 2025
Төлем
Ақпарат
01 апреля 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
18 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары