Екі елдің жетекші жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнатылды. Мәселен, 2011 жылғы қаңтарда Сұлтан Кабус атындағы университеті басшылығының шақыруымен Маскатқа Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы келді. Сапар қорытындысы бойынша екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы хаттамаға қол қойылды. Бұрын жасалған Өзара түсіністік туралы екіжақты меморандум шеңберінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары мен докторанттары Сұлтан Кабус университетінде "мұнай-химия"мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіның және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері жыл сайын Низва қаласындағы Сұлтан Кабус атындағы колледжінде араб тілінің екі айлық тәжірибесінен өтеді.
2019 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Жазушылар одағы мен Оман Жазушылар Одағы арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы хаттамаға қол қойылды.
2019 жылдың қазан айында Астана қаласында екі елдің ұлттық музейлері арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы мемлекеттік филармониясының "Шалқыма" халық би ансамблі 2016-2019 жылдары жыл сайынғы Маскат фестиваліне қатысты. қазақстандық әртістер Оман көрермендеріне "Косалка", "Ақбаян", "Шашу", "Аққу", "Інжу Маржан", "Шалқыма" және "Өрнек"сияқты танымал халық билерін көрсетті.
2018 жылғы 2-5 мамыр аралығында Маскат қаласында "VOX Shatti Cinema" кинотеатрында "қазақстандық кино апталығы" өтті, оның аясында омандық көрермендерге "Алмаз қылыш" және "Анаға жол"көркем фильмдері ұсынылды.
2018 жылғы 26 маусымда Маскат қаласындағы "Bait Al Zubair" тарихи мұражайында Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына арналған "Астана - Еуразия жүрегі" фотокөрмесінің ресми ашылу салтанаты өтті.
2021 жылғы 22 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Оманда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Семей ядролық полигонының жабылуына арналған "Қазақстан, халықаралық қоғамдастық пен мойындады" тақырыбында екі фотокөрме өтті.
Көрме аясында Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай 2021 жылғы 6,7 және 9 қыркүйекте Ұлы қазақ ақыны туралы көркем фильмдер көрсетілді.
2021 жылғы 9 қыркүйекте Маскат қаласындағы "Water Front" кешенінде қазақ мәдениеті күні өтті.
Сонымен қатар, Оман әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне үнемі қатысады - 2009 жылы Оман Бас мүфти кеңесшісі III съезге қатысты, 2015 жылы - Оман дін істері және вакуфтар Министрінің орынбасары және Оман Бас мүфти аппаратының басшысы V съезге қатысты, 2022 жылы - Бас мүфти Кеңсесінің Бас хатшысы VII Съезде.