Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасынан тыс жерде ҚР азаматтығынан айыруды келесі жағдайларады тіркейді:
- халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан азаматына қатысты оның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына қызметке кіргенін растайтын құжаттар немесе басқа анық мәліметтер болса;
- егер азаматтық жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынғаны анықталған болса;
- егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
- егер Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуды тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні