Төлқұжат жоғалған / мерзімі аяқталған және Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі арқылы жаңа төлқұжат алуға өтініш бере алмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстанға қайтып оралу туралы куәлік беріледі, ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Еркін нысандағы өтініш (мысал);
- Жергілікті полициядан құжаттың жоғалғаны туралы шағымдану фактісін растайтын құжат (анықтама, хаттама, қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Төлқұжаттың мерзімі өткен немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда атаған құжат талап етілмейді;
- 3,5 х 4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;
- Жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда – толтырылған сауалнама-өтініш. Сондай-ақ, өтініш берушіні анықтауға, оның тұрақты тұрғылықты жерін белгілеуге және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын растауға мүмкіндік беретін фотосуреті бар құжатты (төлқұжат, жеке куәлік, әскери билет көшірмелері) тіркеу болады;
- Туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі (шетелде 16 жасқа толғаннан кейін, бастапқы құжаттау);
- Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Консулдық алым – 10 АҚШ доллары (төлем).
Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тек тікелей қатынасу арқылы қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)!