Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары некесін қиған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне келесі құжаттармен шағымдануы тиіс:

  1. Некеге отыру туралы бірлескен өтініш;
  2. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар;
  4. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Консулдық алым - 35 АҚШ доллары (төлем)

Қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күн

Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын қосымша құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Дата публикации
18 июня 2020