Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Консул келесі нотариаттық әрекеттерді орындайды:

  1. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру, қажетті құжаттар тізімі:
  • Еркін нысандағы өтініш;
  • Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Консулдық алым - 30 АҚШ доллар (төлем).
  1. Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру,
    қажетті құжаттар тізімі:
  • Еркін нысандағы өтініш;
  • Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Консулдық алым - 30 АҚШ доллар (төлем).
  1. Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру, қажетті құжаттар тізімі:
  • Еркін нысандағы өтініш;
  • Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Консулдық алым - 40 АҚШ доллар (төлем).
  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi (сенімхат) куәландыру, қажетті құжаттар тізімі:
  • Еркін нысандағы өтініш;
  • Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Консулдық алым - 50 АҚШ доллар (төлем).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тек тікелей қатынасу арқылы қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)!

Дата публикации
18 июня 2020