Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде консулдық есепке тұра алады.
Шетелдік мекемеде есепке тұру шетелде болу мерзіміне және мақсатына қарамастан, ерікті түрде жүзеге асады. Сонымен бірге, тіркеуге тұру фактісі немесе оның болмауы азаматқа қатысты ешқандай құқықтық салдарларды келтірмейді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою ресімделген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою шартсыз жүзеге асырылады.
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Еркін нысандағы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат немесе жеке куәлік);
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (соның ішінде кету парағы);
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтарын есепке алудың толтырылған карточкасы;
- Фотосурет 3,5 х 4,5 см.
Уақытша консулдық есепке тұру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Еркін нысандағы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат немесе жеке куәлік);
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алудың толтырылған карточкасы;
- Фотосурет 3,5 х 4,5 см.
Осы ретте, уақытша консулдық есепке Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» веб-порталында тиісті өтініш беру арқылы да тұруға болады.
Консулдық есепке тұру шетелде күтпеген форс-мажор жағдайларында қолдау көрсетіп, Елшілікте белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетеді. Мысалы, Қазақстанға қайта оралу туралы куәлікті ресімдеу (төлқұжат жоғалған немесе ұрланған жағдайда), нотариалдық қызметтер, құжаттарды талап ету және т.б.
ҚР азаматы Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде келесі жағдайларда консулдық есебінен шығарылады:
4 Қайтыс болса, оның хабар-ошарсыз кеткені немесе қайтыс болғаны туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
5 Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.