
Екі ел арасындағы іскерлік әріптестіктің серпінділігі байқалуда. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан мен Оман арасындағы тауар айналымы 10,7 млн АҚШ долл. жетті. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 6,2 млн. АҚШ долл. құраған болатын.
2005 және 2020 жж. желтоқсан аралығында Оманнан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 253,4 млн. АҚШ долларын құрады. Оманның «OQ» мемлекеттік мұнай компаниясы Халықаралық консорциум шеңберінде Қазақстандағы «Дунга» мұнай кен орынын игеруге қатысады.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Оман азаматтары үшін бір ай мерзімге визасыз режим енгізді. 2022 жылдың сәуір айынан бастап Оманда Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим жарияланды. Ынтымақтастық туризм, транзит-көлік және басқа да салаларда белсенді дамып келеді.