1991 ж. – Қазақ КСР Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы Хаттама. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
1992 ж. – Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен коммюнике. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
1992 ж. – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы Қазақстан мұнайын сыртқы нарыққа тасымалдау үшін құбыр құрылысы бойынша консорциум (КҚК) құру туралы келісім. Күшінен айырылды.
1993 ж. - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы Қазақстанның батысындағы көмірсутегі кен орындарын барлау мен пайдаланудың негізгі ережелері мен шарттары туралы келісім. 1993 жылы 31 мамырда күшіне енді.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігі арасындағы консультациялар хаттамасы. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
1997 ж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мен Оман Сұлтандығының Сыртқы істерге жауапты министрі арасындағы өзара түсіністік туралы бірлескен меморандум. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
2008 жыл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Оман Сұлтандығының Жоғары білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
2008 жыл – Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Оман Сұлтандығының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Қол қойылған сəттен бастап күшіне енді.
2015 жыл – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сұлтан Кабус университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
2018 - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы.
2019 жылы – Қазақстан Жазушылары одағы мен Оман жазушылар одағы арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы хаттама.
2019 жылы – Оман Ұлттық мұражайы мен Қазақстан Ұлттық мұражайы арасында өзара түсіністік туралы меморандум.
2019 жылы - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Оман Сұлтандығының Азаматтық авиация ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.