
Құрметті отандастар!
2024 жылғы 6 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығының жанындағы №439 сайлау учаскесінде Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты Республикалық референдум өтеді.
Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойды.
Қазақстанның Мюнхен қ. Бас консулдығы жанындағы № 439 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толған, Республикалық референдумға қатысуға ниет білдірген, Германияның: Бавария, Тюрингия федералдық жерлерінде уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіліне алады.
№439 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізімінде ТІРКЕЛУ ҮШІН өздеріңіз туралы ақпаратты (толық аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы) konsul-muenchen@mfa.kz электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Референдум күні дауыс беру үшін өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +49 162 3150392 (WhatsApp -) телефон нөмірі немесе konsul-muenchen@mfa.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.
Бас консулдық мекенжайы: Redwitzstrasse 4, 81925 München