17-19 сәуірде Қазақстанның Бас консулдығы Бавариядағы ең ірі экономикалық форум – Людвиг Эрхард халықаралық конференциясына қатысты.
Саммит аясында Баварияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі Эрик Бейсвангермен, сондай-ақ аймақтағы компаниялармен кездесулер өткізіліп, тараптар халықаралық ынтымақтастық пен инвестиция тарту мәселелерін талқылады.