«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған» студенттермен кездесу

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған» студенттермен кездесу

Мюнхен, 2023 жылғы 15 желтоқсан – Бас консулдықта Бавария мен Тюрингияда оқитын студенттермен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған» кездесу өткізілді.

Желтоқсанның 16-сы қазақстандықтар мемлекетіміздің басты мейрамын тойлайды. Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттік дербестігі туралы заң 32 жыл бұрын қабылданды. Мейрам қарсаныңда барлық мекемелерде салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Жалпы 40-қа жуық студент Бас консулдықта Тәуелсіздік күніне байланысты кездесуге қатысты. Кездесудің басты мақсаты студенттерге Егеменді Қазақстанның тарихына, Тәуелсіздіктің 32 жылында Қазақстанның дамуына деген қызығушылықтарын арттыру. Оған қоса, кейбір студенттер Бас консулдықтың іс-шараларына өз үлесін қосқаны үшін грамотамен марапатталып, «Бавария және Тюрингия студенттер қауымдастығын» құру ұсынылды. Дәстүр бойынша Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері туралы айтылды.