ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІНЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІНЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Құрметті отандастар! Құрметті қазақстандықтар!

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар әрбір азамат ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау барысында дауыс беруге қатыса алады.

Осыған байланысты, Германия Федеративтік Республикасының аумағында 2023 жылғы 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №412 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.

Мюнхен қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Redwitz str. 4, 81925 München.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, ҚР Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауына қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді (аты-жөніңіз, туған күніңіз, ЖСН, Германиядағы мекенжайыңыз, байланыс деректеріңіз) «Мәжіліс сайлауы-2023» белгісімен келесі электрондық мекенжайға ү.ж. 15 ақпаннан кешіктірмей жіберулеріңізді сұраймыз: konsul-muenchen@mfa.kz (№ 412 учаскесіне тіркелу үшін).

Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келуіңіз қажеттілігіне тағы да назар аударамыз.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Бас консулдықтың бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.