Меню

Страницы

Статья

Азаматтық мәселелер

Құрметті Ханымдар мен Мырзалар,

"ҚР азаматтығынан шығу" және "ҚР азаматтығын жоғалту" бойынша құжаттарды тапсырған кезде мұқият болуды және айырмашылықты ескеруді сұраймыз.

Азаматтықтан шығу ГФР-да тұрақты тұратын және ГФР азаматтығын қабылдау мақсатында өзінің қолданыстағы азаматтығынан бас тартқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады (Einbürgerungszusicherung – ҚР азаматтығынан бас тартқаннан кейін ГФР азаматтығын беру кепілдігі);

Азаматтықты жоғалту ГФР азаматтығын алған азаматтарға қолданылады (Einbürgerungsurkunde – ГФР азаматтығын алу туралы куәлік).

Назар аударыңыз! Пошта арқылы құжаттар қабылданбайды!

Қазақстанда қос азаматтығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" ҚР Заңының 21, 31-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.

Бұдан басқа, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 496-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін елден әкімшілік жолмен шығарып жіберу не 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

                                 

                               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және паспортын тапсыруға міндетті.

Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін Сізге келесі құжаттарды бір данадағы көшірмелерімен тапсыру қажет:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін еркін нысандағы өтініш және сауалнама;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (жеке куәлік, Сізде ол болса), ал ол болмаған жағдайда ҚР-ның азаматтығы туралы мөртабасы бар бұрынғы КСРО-ның паспорты немесе еркін нысанда түсініктеме беру қажет;

3) паспорттың келесі беттерінің көшірмелері: жеке деректері бар алдыңғы бет, ТТО-ға шығуға рұқсаты (кету парағы) және де консулдық есепке алу мөрлері бар беттер. Егер Германияда тұрақты тұруға кету туралы хабарлама болмаса және ҚР-дың жеке куәлігі болған жағдайда, белгіленген нысандағы хабарламаны толтыру қажет.

4) Шет мемлекет азаматының төлқұжаты немесе шетел азаматтығының болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

5) Қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар Т.А.Ә. өзгерту туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері;

6) Қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар ГФР азаматтығын алғанын растайтын құжаттың (Einbürgerungsurkunde, Staatsangehörigkeitsurkunde немесе Vertriebenbescheinigung) түпнұсқасы мен көшірмелері;

  • Азаматтық мәселелер бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын тұлғалар тікелей шетелдегі мекемелерге тапсырады.
  • 18 жасқа толмаған, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері бойынша өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариалдық түрде куәландырған, ал басқа мемлекеттерде - шетелдік мекеме куәландырған өтініші бойынша қаралады; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы шешімінің көшірмесін ұсынады) немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге. 

Кәмелетке толмаған балалардың келуі керек емес.

Ескертпе: басқа мемлекеттердің аумағында туған және болу елінің азаматтығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту жүргізілмейді.

ҚР-ның азаматтығын жоғалту туралы анықтама алу үшін Сізге келесіні ұсыну қажет:

- төлем түбіртегінің түпнұсқасын (Quittungsbeleg), сондай-ақ консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесін (Kontoauszug) тапсыру керек (консулдық округке сәйкес).

  • Сомасы – 45 еуро
  • Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

    Generalkonsulat der Republik Kasachstan in München

    IBAN: DE 56 7007 0010 0517 0865 01

    SWIFT: DEUTDEMMXXX

    Deutsche Bank

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру (төлқұжаттан басқа)

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Cондай-ақ ГФР (Бавария мен Тюрингия) және Қазақстанның мереке күндері: жабық.

Мекенжай: Redwitzstrasse 4, 81925 München

Телефон: +49 89 90 90 10 60

E-mail: konsul-muenchen@mfa.kz

Пошта арқылы құжаттар қабылданбайды. Бас консулдық өтініш берушілер пошта арқылы жіберетін құжаттардың сақталуына жауапты болмайды. Консулдық мекеме өтініш берушілерден қосымша құжаттар ұсынуды талап ету құқығын сақтайды.

                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНАН ШЫҒУ БОЙЫНША

Қос азаматтықты қарастырмайтын "ҚР азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі шешімдерді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

ҚР азаматтығынан шығу туралы өтінішті ресімдеу үшін шетелде тұрақты тұратын азаматтар жеке өзі келіп, келесі құжаттарды екі данада ұсынуы тиіс:

  1. белгіленген үлгідегі толтырылған сауалнама-өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің атына ҚР-ның азаматтығынан шығу туралы өтініші (өтініш беру себептерін түсіндіре отырып);
  3. өмірбаян (өз қолымен жазылған);
  4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары ресімдеген тұрақты тұруға шығуға рұқсат;
  5.  туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері;
  6. неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері. Бұл құжатты неміс құзыретті органы берген жағдайда "Apostille" мөртаңбаның, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне расталған аудармасының болуы міндетті;
  7. балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері. Бұл құжатты неміс құзыретті органы берген жағдайда "Apostille" мөртаңбаның, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне расталған аудармасының болуы міндетті;
  8. неміс азаматтығын беру мүмкіндігін растайтын құжаттың қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасымен қоса түпнұсқасы мен көшірмелері (Еinbürgerungszusicherung және "Apostille" мөрімен);
  9. өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері;
  10. адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (соттылығы туралы анықтама);

Ескерту: соттылығы туралы анықтама алу үшін алдымен осы құжатты талап ету қажет. Құжаттарды талап ету жөніндегі ақпарат Бас консулдықтың сайтында консулдық және визалық мәселелер/талап ету бөлімінде орналастырылған;

  1. төрт фотосурет 3,5х4,5;
  2. Төлем түбіртегінің түпнұсқасын (Quittungsbeleg), сондай-ақ консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесін (Kontoauszug) тапсыру керек (консулдық округке сәйкес).
  • Сомасы – 130 еуро
  • Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

    Generalkonsulat der Republik Kasachstan in München

    IBAN: DE 56 7007 0010 0517 0865 01

    SWIFT: DEUTDEMMXXX

    Deutsche Bank

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру (төлқұжаттан басқа)

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Cондай-ақ ГФР (Бавария мен Тюрингия) және Қазақстанның мереке күндері: жабық.

Мекенжай: Redwitzstrasse 4, 81925 München

Телефон: +49 89 90 90 10 60

E-mail: konsul-muenchen@mfa.kz

Өтінім бланкілері мен түйіндемелердің барлық көшірмелеріне өтініш беруші өз қолымен және өтініш берген күнін көрсете отырып қол қоюы керек.

14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) жазбаша өтінішіне 2 данада жазбаша келісім береді. Егер ата-ананың біреуі баламен бірге азаматтықтан шығуға өтініш білдірсе, екінші ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімін қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен 2 данада ұсыну қажет. Егер балалары жоқ ата-аналар азаматтықтан шығу туралы өтініш білдірсе, онда балалардың туу туралы куәліктерін ұсынудың қажеті жоқ.

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығын анықтау мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына сілтеме : https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700015884#z165.

Консулдық мекеме өтініш берушілерден қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
06 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары