Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды талап ету

                     Құжаттарды талап ету

Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату - Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы қажетті құжаттарды алуға мүмкіндік беретін рәсім.

Қазақстан Республикасы легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, ҚР-ның әртүрлі мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар ГФР аумағында танылу үшін ҚР-ның құзыретті органдарында «APOSTILLE» мөрімен растаулы керек.

Құжаттарды талап ету үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге ұсынуыңыз қажет:

  1. өтініш (еркін нысанда);
  2. толтырылған сауалнама (нысан бойынша). Сауалнамадағы сұрақтарға жауап қазақ немесе орыс тілінде толық және нақты, қажет болған кезде қазақша немесе орысша аралық аудармасымен берілуі керек;
  3. талап етілген құжаттың көшірмесі (бар болса);
  4. жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері;
  5. құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
  6. заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
  7. өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
  8. төлем түбіртегінің түпнұсқасы (Quittungsbeleg), сондай-ақ консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug) (консулдық округке сәйкес).
  9. Марка мен конверт дайың болған құжат туралы хабарландыру алу үшін.

Кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ сот шешімі арқылы әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға қатысты талап қою арыздарын олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) береді.

Келесі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері Қазақстан Республикасынан талап етілмейді:

1) әскери билеттер (шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктер);

2) қызметтік куәліктер;

3) егер неке бұзылса, неке туралы куәліктер;

4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктері;

Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болған адамның туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдары қызметтік мақсатта (мұрагерлік істі ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық мақсаттарда) сұрай алады.

Талап ету мерзімі өтініш беруші Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне құжаттарды тапсырған күннен бастап есептеледі және төрт айдан аспайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қосымша тексеруі қажет болған жағдайда, сондай-ақ құжаттарды пошта арқылы жіберу ұзақ уақытты қажет ететін болса, сұрау салу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

  • Талап ету сомасы  – 25 еуро
  • «Apostille» сомасы  – 30 еуро
  • Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Generalkonsulat der Republik Kasachstan in München

IBAN: DE 56 7007 0010 0517 0865 01

SWIFT: DEUTDEMMXXX

Deutsche Bank

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру (төлқұжаттан басқа)

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Cондай-ақ ГФР (Бавария мен Тюрингия) және Қазақстанның мереке күндері: жабық.

Мекенжай: Redwitzstrasse 4, 81925 München

Телефон: +49 89 90 90 10 60

E-mail: konsul-muenchen@mfa.kz

 

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
06 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары