ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫНЫҢ ПАСПОРТЫН ЖОҒАЛТҚАН
ЖАҒДАЙДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ
Естеріңізге сала кетейік, неміс тіліндегі барлық құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, расталуы тиіс.
Назар аударыңыз: паспорт ГФР-ға уақытша сапарға (жеке, туристік) шыққан адамдарға ҚР ГФР-дағы консулдық мекемесі арқылы ҚР құзыретті органдарына ГФР-ға тұрақты тұру үшін шығу туралы өтініш бергеннен және олардан оң шешім алғаннан кейін ғана ауыстырылуы мүмкін. ГФР-ға оқуға/жұмысқа келген студенттер мен адамдар қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасымен ЖОО-дан анықтаманы/келісімшартты қосымша қоса беруі қажет.
Пошта арқылы құжаттар қабылданбайды. Бас консулдық өтініш берушілер пошта арқылы жіберетін құжаттардың сақталуына жауапты болмайды. Консулдық мекеме өтініш берушілерден қосымша құжаттар ұсынуды талап ету құқығын сақтайды.