Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы, Германия Федеративтік Республикасының азаматтарына және басқа да халықаралық келушілерге визалық қызмет көрсетеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 жастан асқан және одан жоғары жастағы өтініш берушілер Қазақстандық визаға саусақ ізін тіркеуден өтуі қажет.

Толық ақпаратты келесі бөлімдерден табуға болады.

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама ( жүктеу). 

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( сілтеме). 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап –

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 75 еуро;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – бір жылға дейін 170 еуро;

- екі жылға дейін - 330 еуро;

- үш жылға дейін - 450 еуро;

- төрт жылға дейін - 600 еуро;

- бес жылға дейін - 850 еуро;

– туристік бір мәртелік виза – 50 еуро;

– туристік көп мәртелік виза – 80 еуро;

– транзиттік бір мәртелік виза – 15 еуро;

– транзиттік көп мәртелік виза – 90 еуро;

  • Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Generalkonsulat der Republik Kasachstan in München

IBAN: DE 56 7007 0010 0517 0865 01

SWIFT: DEUTDEMMXXX

Deutsche Bank

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру (төлқұжаттан басқа)

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Cондай-ақ ГФР (Бавария мен Тюрингия) және Қазақстанның мереке күндері: жабық.

Мекенжай: Redwitzstrasse 4, 81925 München

Телефон: +49 89 90 90 10 60

E-mail: konsul-muenchen@mfa.kz

 

Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
03 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары